ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов адал азаматтарды қаңтардағы оқиғаларға қатысты кез келген ақпарат туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды. Ал қару табылған жағдайда оны өз еркімен тапсыруды сұрады. 


Бұл туралы 72-22-45 телефонына қоңырау шалу немесе 102 мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.  


«Кез келген ақпарат тексеріліп, тиісті шаралар қабылданатын болады. Бұрын біз Бас прокуратурамен бірлесіп, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қаруды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтыны туралы ресми түсіндірме берген болатынбыз. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азаматтар ерікті түрде 122 қару тапсырды», - деп хабарлады полковник.