«Ғылым туралы» Заңға жылдар бойы шешілмей келген мәселелерді шешуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Ғылыми ұйымдардың материалдық ахуалы күрт төмендеп кеткен болатын, сол бойынша қомақты шаралар қабылданып, заманауи зертханалар, басқа қондырғылар сатып алынды. Жалпы, еліміздің ғылыми қызметкерлерінің жағдайы жақсартылды. Қазіргі таңда жас ғалымдарымыздың саны 1 мың адамға өсті. Бүгінгі мереке құтты болсын, әрдайым табыс және мерейлеріңіздің үстемдігін тілейміз», - деді комитет төрайымы әріптестерін ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтай отырып.  


Оның мәліметінше, елімізде ғылым саласында 22655 адам қызмет етеді. 1 млн халқымызға 1 172 ғалымнан келеді.