«Біздің алдымызда мынадай міндет тұр: іргелі зерттеулер - теориялық, екінші - технологияларды әзірлеу, содан кейін - тиісті салаға енгізу, төртінші - коммерцияландыру. Яғни, өз әзірлемелерімізді, технологияларымызды іске асыру және сату. Біздің микробиология, вирусология ғылыми-өндірістік орталығы тек іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институт қана емес, онда суперзаманауи жабдықтармен жабдықталған зауыт та бар. Медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, экологияға арналған 12 препарат шығарылады. Биологиялық препараттарды шығарып қана қоймай, бізден оны сатып та алады. Бұрын бізде шетелдік аналогтар болған, шетелдік әріптестеріміз өз препараттарын сатқан, қазір біз оларды қазақстандық нарықтан ығыстырдық. Нарықта лайықты орын алу үшін үш фактор болуы керек: өнім сапасы, қол жетімді баға, уақтылы жеткізу. Шетелдік дәрі-дәрмекпен салыстырғанда бізде сапа әлдеқайда жоғары. Бұл туралы мен емес, тұтынушы айтып отыр», - деді академик жетістіктермен бөлісе отырып.   


Айта кетейік, қазір ғылыми орталықта өндірістік қуаттылықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  


«Кез-келген іргелі ғылым ерте ме, кеш пе өз жемісін беруі керек. Бұл нені білдіреді? Яғни, мемлекет жұмсаған ақша ақталуы қажет. Технологиялар, препараттар, өнімдер түрінде нәтижелер болуы тиіс, тиісті салаға енгізілуі керек және соның есебінен еліміздің экономикасы көтерілуі керек. Яғни, ғылым біздің экономикамыздың драйверіне айналуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар Президенттің тапсырмасы бойынша, министрдің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Соңғы үш жылда мемлекет тарапынан қомақты қаражат пен көмек беріліп келеді. Ғылымға ерекше көңіл бөлінуде», - деп түйіндеді спикер.