Жол-көлік оқиғаларының белгілі бір үлесі ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпаратты елемейтін жүргізушілерге байланысты. ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов осыған қатысты бірқатар мысал келтіріп өтті.
Өткен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 5 облысында жаппай жол-көлік оқиғалары орын алды, наурызда – алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарында.
«Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Есіңізде болсын, сіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты! Көліктің қазіргі түрлері үлкен жылдамдықта жүре алады. Автокөліктің тез тоқтай алмайтынын естен шығармау қажет. Көліктің бірден тоқтамайтынын да естен шығармауымыз керек. Барлық ЖКО-ның үштен бірі жылдамдық режимін арттыру себебінен болады – 758 ЖКО, оның салдарынан 139 адам қаза тауып, 1099 жарақат алды», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!