«Алаяқтар заңды микроқаржылық ұйымдармен, букмекерлік кеңселермен, тұтыну кооперативтерімен және жабық инвестициялық пай қорлары болып жасырына алады. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсына отырып, белсенді жұмыс жүргізуде. Олар танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады», - деді спикер. 


Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп аталған компаниялардың қызметіне тосқауыл қойды.