«ІІМ халықаралық байланыс арналары арқылы конвенцияларда көзделген тәртіп шеңберінде күдіктілердің тұрған жері анықталады, олардың активтері мен шетелдегі шоттарының, қылмыстық әрекеттер жасау нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде «Teletrade D. J. Limited» басшылығына қатысты қылмыстық істі мысал етіп келтіріп өтейін, тергеу аясында басқа мемлекеттердегі (Армения, Латвия, Литва, Ресей Федерациясы және т.б.) шетелдік банктерде осы компанияның 700 мың АҚШ долларынан және 130 мың евродан астам ақша қаражаты бар банктік шоттарының бар екені анықталды. Сондай-ақ, Түркиядағы қонақ үй және 3 пәтер түріндегі активтері табылды. Іс сотқа жіберілді», - деді полковник.