«Барлық 3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және 1-і «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, халықаралық іздестіруге жарияланды. Таңдалған бұлтартпау шаралары қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде прокуратура органдарымен келісілген және сот таңдаған. Жәбірленуші тарап процеске қатысушы ретінде қылмыстық қудалау органының, оның ішінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы бірде-бір шешіміне прокуратура органдарына және сотқа шағым жасаған жоқ. Жақын арада қылмыстық істі қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыру үшін беру жоспарлануда, содан кейін ол сотқа жіберіледі», - деді спикер.