Сондай-ақ, қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінді.  

«Қаза болған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді, олардың жазатайым оқиғаның құрбаны екенін құзырлы орган растады. Сондай-ақ зардап шеккен үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасыларына ақшалай төлемдер жіберілді. Жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады. Қазір қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның туыстарына ақша аудару үшін ақпараттары нақтылануда. СМА ауруына шалдыққан 20 бала мен 2 ересек адамға дәрі-дәрмек сатып алуға арналған келісімшарт қол қою кезеңінде. Жұлын бұлшықеттерінің атрофиясы бар 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген қымбат тұратын Onasemnogen abeparvovec (Zolgensma) препараты сатып алынды. Қазір төрт науқасқа да дәрі-дәрмек енгізілді, дәріні қабылдау және дәріні енгізуден кейінгі қалыпқа келу кезеңі сәтті өтті», - деді спикер. 


Сонымен қатар, қор  кішкентай қыз баланы Мәскеу қаласына емдеуге жіберіп жатыр. Атырауда жүрегі ауыратын бала «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен санавиациямен Кореяның Сеул қаласына жеткізілді.