Оның айтуынша, білім беру саласында ауылдар мен аудандардағы мектептің білім деңгейін көтеруге бағытталған бағдарлама әзірленеді.

 «Денсаулық сақтау саласында орфандық дертке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасы, трансплантациялауға, онкологиялық және онкогематологиялық патологияларға мұқтаж науқастарға қайырымдылық көмек көрсету жобалары, мүгедектерді (балалар мен ересектерді) арбамен, бионикалық протездерді оңалту үшін техникалық құралдармен қамтамасыз ету бағдарламалары жасалады», - деді қор төрағасының орынбасары.