«Біз шетелде емделу туралы өз бетінше шешім қабылдап, ақшасы таусылып жатқандардың өтініштерін қабылдамаймыз. Ем-домның құнын, орындылығын, қажеттілігін анықтауға мүмкіндік болмаған соң біз көмектесе алмаймыз. Біз түсінікті жүйенің бір бөлігі ғана бола аламыз. Шетелде емделуге ақы төлеу туралы 300 өтініш, сондай-ақ органдарды трансплантациялауға байланысты 200 ұқсас өтініш келіп түсті. Біз кездесулер өткізіп, көмегіміз тиімді болатын бағытты әзірледік. Ешбір жағдайда мемлекет көрсететін көмекті алмастыруға тырыспауымыз керек. Мемлекет шетелге жібереді. Бұл елімізде операция жасау мүмкін болмаған жағдайда ғана жасалады. Бұл шетелге жіберудің қажеттілігін, шарттардың талаптарын таңдау үшін ұйымдастырушылық мәселелерді анықтауды қамтитын тұтас жүйе. Біздің Қор кімнің жіберілетінін және кімнің жіберілмейтінін, қай медициналық орталықтарға жіберген дұрыс екенін анықтап, осы емнің құнын талқылай алмайды. Осының барлығымен уәкілетті орган айналысады және біз өзіміз үшін уәкілетті мемлекеттік орган шетелге жіберуді ұйғарған, бірақ қандай да бір техникалық мәселелермен, нормативтік-құқықтық актінің қандай да бір бабына сүйене отырып, пациентті жіберуден бас тартқан жағдайда, біз пациенттің пайдасына көмектесуге дайынбыз», - деп түсіндірді Жәмішев.

 
Осылайша екі баланы Мәскеу мен Сеулге емделуге жіберілді. Бірінші жағдайда ресейлік клиника бюджеттен төленетін төлем шарттарына қанағаттанбады, екіншісінде а- рнайы көлікке ақша болмады.