«Президенттің өкілеттігін қайта қарау, биліктің өкілді тармағын қайта құру; сайлау жүйесін жетілдіру; партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту; сайлау процесін жаңғырту және құқық қорғау институттарын күшейту бөлігінде Жолдаудың алғашқы алты бағытын іске асыру 6 Заң жобасын әзірлеуді талап етеді. Бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленетін болады. Оны бүгінгі күнде Президенттің өкімімен құрылған жұмыс тобы пысықтауда. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым-құқықтанушылар кірді. Олар заң ғылымдарының докторлары, конституциялық құқық, мемлекет теориясы және құқық саласында мамандандырылған профессорлар. Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда», - деді ведомство басшысы.