«Саяси партиялар туралы Заңға саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізілетін болады. Атап айтқанда, партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санын 1000-нан 700 адамға дейін қысқарту; партияларды тіркеу үшін қажетті шекті деңгейді 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету; партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санын үш есеге 600-ден 200 адамға дейін азайту жоспарланып отыр. Толықтай алғанда, түзету Заң жобалары Конституциялық заңдарды қоса алғанда, 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде. 


Аталған Заң жобаларын да Парламенттің қарауына енгізу ағымдағы жылдың тамыз айына дейін, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.