«Бірінші орында сүт безі обыры, екінші – колоректалды, яғни тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі. Содан кейін, асқазан ісігі мен жатыр мойны ісігі. Ал өлім-жітім көрсеткіштері бойынша өкпе обыры бірінші, асқазан обыры екінші орында, одан кейін колоректалды, төртінші орында сүт безі обыры, бесінші орында ұйқы безі обыры. Қатерлі ісікті анықтау үшін аталған бағыттар бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Олардың ішіне скрининг бағдарламалары да кіреді. Скринингтік тексерулер бастапқы медициналық ұйымдарда жүргізіледі», - деді спикер.