Ол онкологиялық көмекті дамытудың басқа да перспективалары туралы айтып берді. 


«Ағымдағы жылы қолданыстағы кешенді жоспардың аяқталуын ескере отырып, алдағы бес жылға 2027 жылға дейін жаңасын әзірлеу көзделген. Жаңа кешенді жоспарға барлық деңгейлерде онкологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар енгізілетін болады. Ерте диагноз қоюдан, мамандандырылған, паллиативті көмек пен оңалтудан бастап. Мысалы, кешенді жоспарға колоректалдық обырды скрининг кезінде инвазивті емес тексеру әдісі ретінде өкпе обырын және виртуалды колоноскопия скринингі бойынша пункттерді енгізу жоспарланған. Сондай-ақ, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын радиофармпрепараттар желісі кеңейтілетін болады. Мемлекет басшысының онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға толыққанды медициналық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында өткен жылы онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары жаңартылды», - деп хабарлады спикер. 


 Стандарттар шеңберінде биылдан бастап қатерлі ісіктерге күдік туындаған кезде пациенттерді тексеру мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» енгізілді.