«Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің барлық бірегей әлемдік технологиялары шоғырландырыланады. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен білім беру практикасы іске асырылады. Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес ғылыми онкологиялық орталықтың жаңа корпусының құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың бірінші кезеңін ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл сәулелік және ядролық медицина орталығы бар 210 төсек-орындық стационарлық корпус болады. 2023 жылдың басында біз орталығымызды жаңа корпусқа көшіреміз деп отырмыз. Ал екінші кезеңде - 2024 жылдың ортасында протон орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Үшінші кезеңде біз жұмыс істеп жатқан онкологиялық орталықтың қазіргі корпусын қайта құру жоспарланған. Ол 2023 жылы басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады», - деді спикер. 


Жаңа ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта протонотерапия, сәулелік терапия, радионуклеидтік, лазерлік, сондай-ақ жасушалық иммунотерапия сияқты диагностикалау мен емдеу әдістері ұсынылады.