«Бұл ең алдымен 2020 жылы ковидтің таралуына орай тұрғындардың емханаларға бара алмауымен байланысты. Ал 2021 жылы көбі скринингтерден уақытылы өтті. Биылғы жылы онкологиялық аурулардың нөлдік, бірінші кезеңі, яғни ерте кезеңі 27% - ға дейін өсті. 5 жылдық өмір сүру деңгейі де 55% - ға дейін артты. Сырқаттану бойынша бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында өкпе обыры, үшінші орында колоректальды қатерлі ісік, төртінші орында асқазан обыры және бесінші орында жатыр мойны обыры тұр. Өлім-жітім азайып, биыл 13 665 жағдай тіркелді, бұл 4,7% - ға төмендеді», - деді спикер.