«Қазақстанда онкологиялық науқастар үшін емдеу толығымен тегін. Толық хирургиялық ем, сәулелік терапия, химиотерапия, мақсатты терапия, тіпті иммунотерапияны қамтиды. Бүгінде жылына бюджеттен 66 млрд теңгеден астам қаражат науқастарды емдеуге жұмсалады. Кезекте 194 мың пациент тұр. Обыры енді ғана анықталған науқастар ғана емес, сонымен қатар аурудың қайталанған немесе өршіген науқастар да емделеді. Яғни, мұның бәрін мемлекет толығымен жабады. Емделушілер мен емханалар үшін арнайы нұсқау әзірленген: емделуші өзі тіркелген емханаға жүгіне алады. Онкологиялық ауруы бар деп күдік келтірілген науқастың қайда баруы керектігі нақты көрсетілген», - деп түсіндірді спикер.