Ол атап өткендей, әдепкі цифрландыру – бюрократиядан арылудың келесі қағидасы. Қағазсыз құжат айналымына көшу міндеті нөлдік кезеңнің басында қойылды. Алайда, осы уақытқа дейін құжаттар электронды форматта қалыптастырылады, бірақ қағаз тасымалдағышта қайталанады. 


Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың дамуы қарқын алуда. Сондықтан осы қағидатты іске асыру үшін шаралардың тұтас бір блогы қарастырылған. Олардың ішінде - заң шығару аясында қағаз тасымалдаушылардан бас тарту. Бұдан басқа, рәсімдік мәселелер жетілдірілетін болады, бұл жекелеген процестерде формализмді айтарлықтай жояды. 


«Мысалы, нормативтік актілердің жобаларын «әдепкі қалпы бойынша келісу» құралы енгізіледі. Бүгінде мемлекеттік органда жобаға қатысты ескертулер болмаса, ол әзірлеушіге жазбаша жауап беруге міндетті. Енді мұндай қажеттілік алынып тасталады. Бұл мұндай жауаптарды дайындауға кететін жұмыс уақытының шығынын едәуір қысқартады, әсіресе міндетті келісуші мемлекеттік органдардың жүктемесін азайтады. Ведомстволық деректерді талап ету үшін мемлекеттік органдар арасында сұрау жіберу де алып тасталады. Олар мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарында қолжетімді болуы тиіс. Бұл қазіргі уақытта тиісті хат-хабарларға кететін қызметкерлердің жұмыс уақытының үштен бір бөлігін үнемдейді. Сонымен қатар, егер уәкілетті органдар деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз етпесе, онда олар басқа мемлекеттік органдардың жалған мәліметтерді пайдаланғаны үшін жауап береді», - деп атап өтті спикер. 


Сондай-ақ есептердің барлық түрлерін бір ақпараттық жүйеде жүйелеу жоспарланған. Енді мемлекеттік органдарға бытыраңқы дереккөздерден қажетті деректерді іздеу қажет болмайды, олардың барлығы бір жүйеде жинақталады. Белгіленген шаралар шеңберінде «Е-өтініш» жүйесі өтініштердің барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде өзгертілетін болады. 


Айгүл Шаимованың айтуынша, Жарлықпен кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға бюджет шығындарын үш есеге қысқарту тапсырылды. 


Агенттік төрағасының орынбасары Жарлықта көзделген шаралар мемлекеттік органдарды қағазсыз ортаны қамтамасыз етуге ынталандыратын және өзара іс-қимылдың цифрлық форматына баса назар аударатын болатынына сенімді.