«Мемлекеттік қызметшінің реформаларды өткізуші бола отырып, өзекті шараларды әзірлеуге белсенді түрде тартылуы өте маңызды. Мемлекеттік аппаратта «бастама жазаланады» деген стереотип жойылмайды. Сондықтан Жарлықта бизнес-процестерді реинжинирингтеу бойынша шаралар блогы қарастырылған. Ең алдымен, Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің бақылауындағы барлық тапсырмаларға толық ревизия жүргізіп, ішкі процестерді қайта қарауды тапсырды. Сондықтан Мемлекет басшысының әкімшілігі төмендегі басқару деңгейлеріне хабарлама жібере отырып, өзгерістерді өзінен бастайды», - деп атап өтті спикер. 


Сондай-ақ бюджет пен нормативтік-құқықтық актілер жасау процестер оңтайландырылады. Бизнес-процестердің реинжинирингі неғұрлым тиімді өтуі үшін қызметшілер өз қызметін тұрақты түрде оңтайландыруға бағыттайтын болады.