Оның пікірінше, бюрократиядан арылтудың бесінші қағидасы реттеудің оңтайлылығы болып табылады. Бүгінде мемлекеттік аппарат 35 мыңнан астам функцияны жүзеге асырады. Ал 2015 жылы олардың саны шамамен 4,5 мың болды. Бұл жыл сайын мемлекеттік органдар функцияларының саны артатынын, ал жұмыс мазмұны жақсармайтынын айғақтайды. 


Осыған байланысты Президент Жарлықта жаңа, жеткіліксіз негізделген бюрократиялық талаптардың енгізілуіне жол бермеуді тапсырды. 

«Жалпы, Жарлық мемлекеттік органдардың ішкі құжаты ғана емес, ол азаматтармен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі шараларды көздейді.  
Ол үшін онлайн-платформа енгізіледі, оған кез келген адам өз ұсыныстарын жібере алады. Оларды Агенттік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыратын болады», - деді Шаимова.