«Цифрлық мемлекет - бұл азаматтармен барынша аз қатынас жасау және олардан қандай да бір мәліметтерді сұрату, өзекті деректерге негізделген тиімді шешімдер. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту азаматтар үшін сервис сапасын арттыруға алып келеді. Мемлекеттік органдардың процестерін өзгерту, оларды оңтайландыру және деректерді пайдалана отырып, технологиялар мүмкіндіктерінің призмасы арқылы функцияларды қайта қарау бойынша кешенді тәсіл кезінде айтарлықтай нәтиже болуы мүмкін», – деді Асқар Жамбакин.


Оның айтуынша, бұрын ережелер жасалып, содан кейін ғана процесс автоматтандырылатын. Нәтижесінде, азаматтар растайтын құжаттарды әкелуге мәжбүр болатын, процесс бір мәселені шешу үшін әртүрлі өтініштер беруді немесе бизнесті бақылау рәсімдері объектіге бару, тексеру арқылы ескі жолмен жүзеге асырылатын. 


«Табысты цифрлық компаниялардың, банктерді мысалға алсақ, олар процестерді бастапқыда цифрлық форматта «жобалау» керек екенін көрсетеді. Енгізілетін «әдепкі цифрландыру» қағидаты мемлекеттік органның қандай да бір функциясын іске асыру бастапқыда цифрландыру арқылы ойластырылуы тиіс дегенді білдіреді», – деп атап өтті спикер.