«Заң бойынша судья істерді оның қызметіне қандай да бір араласуды болдырмайтын жағдайларда қарайды. Судьяларға сот отырысы залынан тыс тараптармен байланыс жасауға қатаң тыйым салынады. Кез келген басқа байланыстар процессуалдық емес деп танылады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Судьяларды сот жюриінде жазалаудың көптеген фактілері бар. Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесінің жанында жұмыс істейді, Мемлекет басшысының өкілеттіктерін іске асыратын дербес орган болып табылады. Тікелей қарым-қатынас, оның үстіне Сот жюриінің Жоғарғы Сотқа бағынуы жоқ», - деп атап өтті ҚК судьясы.