Қазіргі күнде қадағалау механизмі адам құқықтарын жедел қорғауға мүмкіндік береді.  


«Кейбір аймақтарда біздің орталықтар Жоғарғы соттың татуласу орталықтарымен бір алаңда жұмыс жасауда. Ол жерлерде прокуратура басшылары мен қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Шағымды қолма-қол немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады», - деді Ә. Шыңдалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.