«Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдан бері Қазақстанда ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің негізінде қылмыстық процеске кезең-кезеңмен үш буынды модель енгізу басталды. Оның негізгі мазмұны – полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу. Бұл тәртіп бойынша полиция айғақтарды жинап, оларды бекітеді. Ал прокурор маңызды шешімдерді қабылдауға келісім беріп, істі сотқа жолдайды. Өз кезегінде сот бақылау жасайды, үкім шығарады және жаза белгілейді», - деді спикер.