«Мемлекет басшысы Парламент Сенатындағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды, олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады, қазіргі уақыттағыдай сайламайды. Яғни Президент енді Сенатқа 15 емес, 5 депутат қана тағайындайды, ал қалғанын қоғамның ұлттық мәдени және өзге де елеулі мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы белгілейтін болады. Нәтижесінде Мемлекет басшысының өкілді органның жоғарғы палатасын құруға қатысуы айтарлықтай төмендейді», - деді Әділет министрі.