«Соңғы жыл ішінде біз Қазақстан Үкіметімен қаржыландырудың кешенді Ұлттық тетігін әзірлеу бойынша тығыз ынтымақтастық орнаттық. Басқаша айтқанда, ҚКҰМ — қолданыстағы қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шығыстардың орта мерзімді құрылымы. Биылғы жыл ел үшін ерекше жыл болып табылады, өйткені Қазақстан шілде айында БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумында ТДМ-ға қол жеткізуге өзінің екінші Ерікті Ұлттық шолуын ұсынады. Биылғы жылы ТДМ-ға барлық 17 өңірде қол жеткізуге мүдделі тараптар мен халықтың белсенді қатысуымен ТДМ-ға қол жеткізу бойынша дайындық жүргізілді. Бұл ТДМ «ешкімді артта қалдырмау» негізгі қағидатына сәйкес келетін инклюзивті процесс ретінде сапа мен объективтілікті арттыруға ықпал етеді. Консультацияларға 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың пікірлері мен дауыстары тиісті түрде көрсетіледі», - деп атап өтті спикер. 


Ол сондай-ақ, ағымдағы жұмыс Қазақстан үшін өте маңызды және құнды, өйткені ел 2030 жылға қарай ұлттық деңгейде қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылады. БҰҰДБ өз тарапынан ТДМ іске асыру мен оған қол жеткізудегі үкіметтің күш-жігеріне жәрдем көрсету үшін барлық қажетті қолдау мен сарапшылық білімді ұсынуға дайын жеткізді.