Оның айтуынша, өңірлерде халық өкілдерімен талқылау жүргізілді. Нақты нәтижелері алдағы уақытта екінші Ерікті шолудың толық нұсқасын дайындау аяқталған кезде белгілі болады.  


«Бұл талқылауға қатысушылар ең алдымен Ерікті ұлттық шолуда қандай мақсаттарға терең мән беруіміз керек екендігін анықтауға көмектесті. Себебі, жалпы Тұрақты даму мақсаттарының саны - 17. Олардың әрқайсысы бойынша әрбір Ерікті ұлттық шолуда толығымен талдау жасалады. БҰҰ бес түрлі мақсатты ұсынады. Бұл жолы келесідейбасым бағыттар анықталды: 4 ТДМ «Сапалы білім беру»; 5 ТДМ «Гендерлік теңдік»; 14 ТДМ «Теңіз экожүйелерін сақтау»; 15 ТДМ «Құрлық экожүйелерін сақтау»; 17 ТДМ «Серіктестік». Бұл мақсаттарға Ерікті ұлттық шолуды дайындау кезінде де назар аударылатын болады», - деді спикер.   


ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар 17 Тұрақты даму мақсаттары 169 міндетке бөлінетінін атап өтті. Тұрғындарының пікірі бойынша әр аймақ үшін қандай мақсаттар өзекті екені анықталды. Қазіргі кезде халықты денсаулық сақтау мәселесі, сапалы білім беру, таза су, сондай-ақ, лайықты жұмыс орындары мен экономикалық өсім, тұрақты қалалар және елді мекендер, экологиялық мәселелер толғандырады. Осы сұрақтардың барлығы Ерікті ұлттық шолуда талқыланады.