Оның айтуынша, жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде ішкі істер органдарының тергеушілері 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады.  


«Осындай істердің көптеген саны Алматы қаласының еншісінде – 183, Алматы облысы бойынша 46 және Көліктегі Полиция департаменті бойынша 10 қылмыстық іс. Осы істер бойынша жәбірленушілерге келтірген шығынның орнын толтыру шамамен 95 миллион теңгені құрады. Бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікі табуы және алып қоюы, сондай-ақ өз істеріне өкінген айыпталушылардың келтірген шығынды өтеуі есебінен қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың негізінде Алматы қаласы бойынша 65 млн астам теңгеге, Алматы облысы бойынша 16 млн теңгеге, Жамбыл облысы бойынша 3 млн астам теңгеге келтірілген залалдың орны толтырылды, көліктегі полицейлер 10 млн астам теңгеге шығынның өтелуіне қол жеткізді», - деді Әділов мәліметтерді келтіре отырып.