Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов бұл істер бойынша 158 адам қамауда отырғанын жеткізді.
иллюстративное фото с сайта nur.kz
«Ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Осы күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді полковник ОКҚ алаңында.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!