Оның айтуынша, қаруды өз еркімен тапсыру бойынша қарқынды түсіндіру жұмысы жүргізілді.  

«Нәтижесінде азаматтар қарудың 125 бірлігін тапсырды. Сонымен бірге тек ұрланған қаруды ғана емес, сондай-ақ заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қарудың барлық түрлерін табу мен алып қою бойынша жедел іс-шаралар белсенді жалғасуда. Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі таңда полицейлер қарудың 1460 бірлігі мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, алып қойды. Мысалы, жақында Тараз қаласының тұрғындарынан 6 АКМ автоматы алып қойылды, оның ішінде біреуі гранаталармен ату үшін жабдықталған, бұдан басқа 4 жабдықталған оқжатар, дыбыссыз ату құралымен бар Макаров тапаншасы мен тегіс ұңғылы мылтық алып қойылды, олар Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған. Сондай-ақ ағымдағы жылғы 7 қаңтарда Алматы-Ташкент автожолының бекетінде полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігін тоқтатып, оның ішінде 10 бірлік аңшы мылтығын, бір пневматикалық тапанша және аңшылық керек-жарақтарын тапты. Жамбыл облысы тұрғындары болып табылатын жүргізушінің және оның жолаушыларының Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында аңшы дүкенін тонауға қатысқаны анықталды», - деді спикер.  


Бес күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.