ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, бұл бағыт залалдың орнын толтырумен байланысты болғандықтан, анағұрлым басым бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда полиция органдары азаматтардың сомасы 340 миллионнан артық теңгеге бағаланатын ұрланған мүлкін тауып, алып қойды.

 
«Ішкі істер органдарының негізгі мақсаты мен міндеті тұрақты қоғамдық тәртіпті және азаматтардың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал полиция тергеу органдарының жұмысы ең алдымен, қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталады және оларға келтірілген материалдық залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету басымдық болып табылады», - деді спикер.