«Қазақстанның барлық өңірлерінде 3000-нан астам үкіметтік емес ұйымның атынан өкілдік ететін Қазақстанның Азаматтық альянсы Ерікті ұлттық шолу баяндамасын дайындауды талқылауға қатысып қана қоймай, мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтінін мониторингтеу міндетін алға қойып отыр. Шынында да, платформа қабылданды, Үкімет алдында міндеттер бар, бірақ азаматтық қоғам тарапынан қоғамдық бақылау мониторингі жағдайында нақты жетістіктер жақсы нәтижелер береді деп ойлаймын.  Сонымен қатар, біз Азаматтық альянстың жарғысын қайта қарадық, қоғамдық ұйымымыздың даму стратегиясын өзгерту бағытында жұмыс істейміз: әр аймақ нақты мақсатқа жауапты болады деп шештік. Содан кейін үйлестіру оңай болады. Көшбасшылар жауапты болады. Кейбір ҮЕҰ Экологиялық күн тәртібімен, басқа да әлеуметтік осал проблемалармен, кедейлікті жоюмен, біреулер энергетикамен айналысады. Яғни, әрбір ҮЕҰ өзінің жарғылық міндеттеріне, функцияларына байланысты осы процеске тартылатын болады. Сонда жақсы жұмыс істей аламыз деп ойлаймын. Былтыр Қазақстандағы ТДМ хатшылығымен тікелей меморандумға қол қойдық, соның арқасында Х Азаматтық форумында бірқатар диалог алаңдары өтті», - деді белсенді.  


Айта кетейік, форумда «азаматтық қоғам тұрақты даму мақсаттарын қалай түсінеді» деген инсталляция болды.