«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялады. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілген. Бүгінде азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіз қаланып, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Республикада үкіметтік емес ұйымдар 22 мыңға дейін артты. Кез келген мемлекет – әлеуметтік-маңызды түйіткілдерді шешуде сенімді серіктестікті қажет етеді. Бұл орайда, қоғамның түрлі саласындағы мәселелерді іштен білетін ҮЕҰ-ға артылар сенім зор. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі – біз үшін қашанда үлкен маңызға ие», - деді спикер.