Оның сөзінше, азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін құқықтық негіздер құрылып, заңнама жетілдірілуде. 


«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілісте қаралуда. Оның аясында стратегиялық әріптестікті заңнамалық түрде бекітуді және енгізуді жоспарлап отырмыз, онда ірі ҮЕҰ ұзақ мерзімді негізде қоғамдық маңызды басымдықтарды жүзеге асыру бойынша мемлекет тарапынан қолдау табады», - деді комитет төрағасы. 

Сонымен қатар, гранттық қаржыландыруды жетілдіру жоспарланған. Негізгі мақсаты – мемлекеттік гранттарды нақты форматта қаржыландырудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, мемлекет тапсырыс бермей ҮЕҰ-дан келіп түскен ұсыныстар мен жобаларды қаржыландыру. Бұл мәселе Парламентте талқыланып жатыр және келесі жылдан бастап күшіне енеді», - деді спикер.