«Соңғы жылдары халық бұл мәселелерді шешуден шеттетілді. Мемлекет, үкімет, аймақ деңгейінде қабылданатын шешімдерге ықпалының жоқ екеніне олардың көзі жетті. Нәтижесінде әлеуметтік экономикалық проблемалар көбейді. Дер кезінде Президент «Жаңа Қазақстан» бағдарламасын жариялап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси болашағын жаңа мақсатқа бағыттап, бағдарламаның іске асуына жол ашты. Бұл бағдарламада азаматтық қоғамға, халық белсенділеріне үлкен орын беріліп отыр. Себебі елімізде болатын барлық өзгерістер ел игілігіне, халықтың дәулетіне қызмет етуі керек. Ал оны іске асыру халықтың қолындағы мәселе. Әр мемлекеттің негізгі өндіруші күші - сол елдің халқы. Сондықтан халық, белсенді азаматтар жиналған азаматтық қоғамдарды бұл мәселеден тыс қалдыру дұрыс емес», - деді спикер.