«Күштер мен құралдардың аймақтық топтары анықталды, жабдықталып, дайындыққа келтірілді. Отпен күресуге арналған құрал жабдықтар қорымен қамтамасыз етілді, оның ішінде саны 6 мың бірлік аспалы өрт сөндіргіштер, 1 318 мотопомпа және 30 мыңнан астам қарапайым құрал-саймандар бар. Қосымша, ірі өрттер туындаған жағдайда, министрлік жергілікті жерлерде жүріп өту мүмкіндігі жоғары және сыйымдылығы үлкен өрт сөндіру автоцистерналарымен жарақтандырылған, таулы аймақтарда өрт болса, бізде өтімділігі жоғары техникалар бар, олардың барлығы дайындыққа келтірілді. Табиғи өрттерді 14 тәулікке дейін автономды режимде сөндіруді жүзеге асыруға қабілетті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жиынтық жасақтарын құрды. Ормандар мен далалардың тұтану ошақтарын дер кезінде анықтау үшін, тұрақты авиациялық патрульдеу басталды», - деді ведомство өкілі.


ТЖМ сәуір айының басынан бастап ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеруді қолға алды. Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін ТЖМ өрт инспекциясы бұл тексерулерді аяқтайды.


«Ғарыштық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен осындай қызметтерді алуға шарттар жасалды. Өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау үшін шекара маңындағы аумақтарда Ресей ТЖМ бөлімшелерімен 8 іргелес аймақтармен өрт-тактикалық жаттығулар жоспарланған», - деді комитет төрағасы.