Оның мәліметінше, республика бойынша 3381 өртке қарсы техника бар. Олар сыйымдылығына, құтқару аймақтарына, атқаратын жұмысына қарай бөлінеді. 

«Жалпы техникалардың 13% жаңарту қажет. Бұл 70-80 жылдары шығарылған техникалар. Қазір мүмкіндігінше пайдаланып жатырмыз. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен техникалар алуға қаражат бөлініп жатыр. 3-4 жылдан бері өңірлерде техниканы лизингке немесе басқа да бағдарламалармен алу мәселесі шешілуде. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе, Қарағанды облысында және Шымкентте. Биыл 1-кезеңде 60-тан астам техника алынса, екінші кезеңде олардың саны 118-ді құрайды. Жалпы республикалық бюджет есебінен 175-ке жуық техника алу көзделген. ЖАО тарапынан да техникаларды жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда», - деді спикер өз жауабында.