Оның айтуынша, пациентке бағдарланған медицинаны жақсартуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде елімізде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 70-тен астам ережесі және барлық салалық қызметтер бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 40-тан астам стандарты қолданылады.
«Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі БМСК одан әрі дамыту бойынша шараларды көздеп отыр, оларда алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамыту қарастырылған. Бүгінде БМСК жалпы практика дәрігері, медбикелер, әлеуметтік қызметкер мен психологтан тұратын команда, яғни мультидисциплинарлық команда және тәсіл ұйымдастырды. МСАК жұмысының негізгі қағидаты - бұл отбасылық қызмет көрсету қағидаты, аумақтық қолжетімділік. Аталған тәсілдер учаскелік қызметтен бастап мамандандырылған медициналық көмекке дейінгі емдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін медициналық көмектің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.