«Бүгінде 2 млн-ға жуық пациент динамикалық бақылауға алынған, олардың 60% - ы ауруды басқару бағдарламасымен қамтылған. Алматы және Астана декларацияларына сүйене отырып, 2018 жылдан бастап Қазақстан БМСК трансформациясы бойынша үлкен жұмыс атқарды. Үздік тәжірибе орталықтарына баса назар аударылды. Бүгінде олардың саны - ел бойынша 17. Үздік тәжірибе орталықтарының бірі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы БМСК болып табылады, онда кеңейтілген мультидисциплинарлық команданың жұмысын практикада көруге болады. Бұл тәжірибе 53 елге таратылады. Биыл сәуір айында Қазақстанға ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клуге келді, ол «Қазақстан БМСК саласында әлемдік және өңірлік көшбасшы болды және болып қала береді...» деп жоғары сараптамалық бағасын берді. Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының БМСК науқастарды стационарларға жатқызуды төмендетуде тиімді нәтижелер көрсетіп отыр, жедел медициналық көмекке шақырулар саны азайды, халықтың ЖПД, психологтарға, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға баруы 3 есеге артты», - деп атап өтті спикер.