«Көбінесе адамдарға 1406 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу ыңғайлы, оның кеңесшілері өтініштерді өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қарайды. Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы сұрақтар жатады және олар бойынша жауаптар дереу беріледі. Екінші және үшінші деңгей - егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер. Қарау мерзімі 5 күнді құрайды. Қормен байланысудың тағы бір тәсілі – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Оны Play Market және App Store-да орнатуға болады. Өтінішке қосымша нөмір беріледі, содан кейін өтініш беруші оның өңделу мәртебесін бақылай алады. Қор Telegram-да Saqtandyrýbot арқылы да өтініш беру мүмкіндігін қарастырады. «Бас мәзір» пәрменін басқаннан кейін таңдау үшін бірнеше бөлім бар, олардың бірі «1406-ға өтініш жіберу». Сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру қорының fms.kz сайты бар, онда «1406» баннеріне басып, өтініш жолдап, жауап алуға болады», - деді спикер өтініштерді өңдеу принципін түсіндіре отырып.