«Қазақстан заң жүзінде де, іс жүзінде де өлім жазасы жоқ елге айналады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Конституциялық мәртебесі, оның құзыреті, адам құқықтарын қорғау бағытындағы қолданатын жұмыс істеу жолдары Конституцияда бекітіледі. Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқылы болады», - Нұрмұханов тоқетерін айтты.