«Отбасы банк оператор ретінде кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы өлшемшарты бойынша және кірістерінің бар-жоғын ақпараттық жүйе арқылы тексереді. Тексеру цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады», - деді спикер.


Платформада өтінім электрондық-цифрлық қолтаңба көмегімен беріледі және өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Өтінішті қабылдау 20 сәуірде тестілік режимде басталды. Субсидияларды мамыр айында тағайындау көзделген.