2022 жылғы 24 сәуірде Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыстың ішіне су кірген.  Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланды. Барлығы туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сондай-ақ үй жануарлары қырылған, саны анықталуда.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкер, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.