Арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, саяси құқықтық жүйеде мемлекеттік құрылым институттарының қарым-қатынастары, өзара әрекеттесу тетіктері және халық алдындағы жауапкершілігі артады.

«Жалпы мемлекет басшысының идеяларын іске асыру құқықтық жүйені Ата заңға сәйкес пәрменді дамытуға, азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдері мен елдегі заңдылық режимін нығайтуға, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.