«6-сы мен 19-ші қаңтар аралығында аталған өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталып, терроризмге қарсы операция жүргізілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов еске салып өтті. 


Қарулы қылмыскерлер құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіруді және шабуыл жасауды жалғастырды.

«Осы кезеңде терроризмге қарсы операция жүргізілді, азаматтардың қозғалысының ерекше тәртібі бекітілді және автокөліктерге тексеру жүргізілді. Нақты осы кезеңде, яғни қаңтардың 6-ы мен 8-і аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді, олардың барлығы бойынша тергеу жүргізілуде. Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды. Қаңтар оқиғалары кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының екі ірі қаласында агресивті 2500 адамдар мен полицияның қақтығысы бір уақытта болғанын атап өткім келеді. Нәтижесінде 5 қаңтарда Семей қаласының әкімдігі басып алынды, 12 полиция автокөлігі зақымдалды, «Тигр» арнайы көлігі ұрланды.  124 полиция қызметкерлері және Ұлттық гвардияның әскерилері дене жарақаттарын алды. Өскемен қаласында шабуылдаушылармен әкімдіктің, халық банкінің, «Сулпак» дүкенінің ғимараттына, коммерциялық дүкендерге және 10 қызметтік автокөліктерге зақым келтірілді. «Бекет-2» стационарлық полиция бекеті жойылды.


Осы кезеңде облыста 7 адам қаза тапты. Полицияның ғимараттарында қаза болған 3 адам бойынша тергеуді Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары жүргізуде. 4 адамның қаза болу фактілері бойынша тергеу полиция органдарымен жүргізілуде», - деп атап өтті қадағалау органының өкілі.