«Бұл ретте, ұрланған қаруды табу және алу бойынша жедел - профилактикалық және іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Бүгінгі күні еліміздің полицейлері қабылданған шаралармен 1480 бірлік қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Мысалы ағымдағы жылы 6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер барысында Алматы қаласы Рысқұлов көшесіндегі «Охотник KZ» қару-жарақ дүкенінен жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын екі ойық мылтық пен 7,62 мм калибрлі патрондарды ұрлап кеткен. Ұрланған қару мен патрондар тәркіленіп, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады, одан 6 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі патрондары бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Ол күдікті де соттың санкциясымен қамауға алынды», - деді полковник.