Қасым-Жомарт Тоқаев екі саяси партияның бірігетінін жариялады  


«Елімізде жаңа партиялар құрылады, ал қазіргі партиялар өз қызметтерін азаматтардың талаптарына және уақыт ағымына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды». 


Қасым-Жомарт Тоқаев екі саяси партияның бірігуі туралы жариялады:  


«Жалпы партия алаңында қозғалыс барын көріп отырмыз. «Adal» партиясының «Amanat» партиясымен бірігуі басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші болып табылады». 
«Саяси жүйені дамыту өте маңызды. Сондықтан «Adal» партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен дұрыс деп санаймын. «Adal» қалыптасқан және өз жақтастары бар партия. Саяси бәсекелестік артқан жағдайда мұндай бірігу өте маңызды. Бұл маңызды қадам «Adal» партиясын жаңғыртуға және күшейтуге септігін тигізеді», деп атап өтті Қ.Тоқаев.