«Тарковский болсын, Феллини болсын, өзіміздің кинематографистер болсын, міндетті түрде ең алғашқы шығармашылық қолтаңбасы осы студенттік фильмдерден басталған. Сондықтан III Халықаралық «Томирис» студенттік кинофестивалінде әлемге танымал болатын кинематографистердің аты аталатын шығар. Олар болашақта үлкен тұлғаларға айналуы мүмкін. Сондықтан студенттік кинофестиваль өте керек»,- деді спикер.