«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті. Мобильді қосымшаның функционалы: жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге; кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге; қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге; салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге; жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге; оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан); кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған», - деді спикер. 


Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.