«Сервистер» бөлімінде олардың көмегімен дара кәсіпкерді тіркеу, оның тіркеу деректерін өзгерту, салық салу режимдерін ауыстыру және басқалары жүргізілетін сервистер болады. «Көмек» бөлімінде қолдау қызметі орналасқан, сол жерде жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар орналастырылған. Төрағаның блогына жүгіну мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, басты бетте «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасына, салық төлеушінің кабинетіне және Е - gov порталына сілтемелер орналастырылған», - деп түсіндірді спикер.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін алдағы салық оқиғалары туралы, мысалы, салық есептілігін ұсыну және салық төлеу мерзімдері туралы ескертулермен салық күнтізбесі орналастырылған. Пайдаланушының бейінінде жеке кәсіпкер туралы өзекті мәліметтер көрсетіледі. Бұл оның тіркеу деректері, мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтатқан), қызмет түрлері. ЖК тіркелген Мемлекеттік кіріс органы, банк деректемелері, кәсіпкердің тәуекел дәрежесі көрсетілген.
Сондай-ақ, профильде кәсіпкер өзінің әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін мәлімдеген кірістері туралы мәліметтерді енгізеді.